Еліміздегі төтенше жағдай бәрімізді алаңдатып қойғаны рас. Тыныш күнде тәуелсіз еліміздің ауасын түтін ластап, алаңсыз демалыс күндерімізді атыстың даусы бұзды-ау...
Нысандар қирады, жеке адамдардың мүлкі ұрланды. Адамдар өміріне қауіп төнді. Тәртіп сақшылары ажал құшты. Жазықсыз тұрғындардың өмірі қиылды. Ең ауыры бейкүнә сәбилер кетті. Артында аңырап ана, жесір боп жар, жәудіреп бала қалды...
Бұл елдің тыныштығы, азаттығы, алдымен, бізге, елге керек. Бұл - біздің мемлекет, бұл - біздің жер, кіндік қанымыз тамған Отан! Отанымыздың әр затын, әр гүлін, әр мүлкін өз мүлкіміз секілді қызғыштай қору, жанашыр болу - біздің азаматтық міндетіміз.
“Бетеге кетсе, бел қалар,
Бектері кетсе ел қалар,
Берекең кетсе нең қалар?” - деген екен бұрынғы бабаларымыз. Ең бастысы, бірлігімізге, ауызбіршілігімізге сызат түспесе, бізді ешқандай жау ала алмайтыны анық.
Ел іргесі бүтін, жеріміз тыныш, халқымыз қуатты болсын! Мұндай жағдай қайталанбасыншы...🤲
#күшімізбірлікте